Ресейдің Қиыр шығысына «Ханун» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Қиыр шығысына «Ханун» дауылы соққы берді

14.08.2023

Ресейдің Қиыр шығысына «Ханун» дауылы ойран салды. Приморье өлкесінде 4 жарым мыңдай баспана мен бірнеше көппәтерлі тұрғын үй кешенін су басқан. Ондаған елдімекен сыртқы әлеммен байланысты үзді. Өңірдегі екінші ірі қала Усурийскіде салынып жатқан дамба жарылған. Ресейлік жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Тасқын жүрген аймақта құтқару топтары жұмыс істеп жатыр.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу