Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттап барады

20.10.2023

Елде жұмыртқа қымбаттап барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше баға өткен аптадан бері 4 пайыздай көтерілген. Ал аймақтар арасында құнның шарықтауы бойынша көш бастап тұрған Атырау. Мұнда жұмыртқа бір аптада 9 пайызға қымбаттады. Бұған себеп, өңірде өнім өндірісінің азаюы. Жергілікті құс фермалары сұранысты қамти алмаған соң, баға көтерілген. Мамандардың айтуынша, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өндіріс көлемі 73 пайызға азайып отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу