Үкіметтік емес ұйымдарды реттейтін заң қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымдарды реттейтін заң қажет

18.10.2023

Үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің заңдары жоқ. Коммерциялық емес деген заң. Одан басқа заң жоқ. 

Бұл мәселені Үкіметтік емес ұйым өкілдері көтеріп жатыр. Бүгін Астанада олардың азаматтық форумы басталды. Жиында түрлі өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылып жатыр. Жалпы елімізде ресми тіркелген 23 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым бар. Толығырақ Самал Қабышева

Форумға қатысып жатқандардың барлығы қарапайым жандар. Қоғамның белсенді мүшелері. Олардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан, қоғамдағы өзекті мәселерді көтеріп жүрген жандар. Рауан Сағадиеваның ерекше баласы бар. Ол үкіметтік емес ұйым ашып, өзі сынды аналардың басын қосқан.

Рауан Сағадиева, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Мен сияқты аналар ерікті түрде жұмыс жасайды. Өйткені олардың әр түрлі диагноздары бар. Біздің ұйымның ерекшелігі сол, біз диагнозды бөлмейміз. 150 чаттарымыз бар, ақпарат алып отырады. Анықтамалық дейді ғой, сонда 20 мыңнан астам ата-ана отырады.

Ал «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 3 жыл. Түрлі семинар-тренинг ұйымдастырып, білім беру мекемелерінде ата-аналарға педагогикалық-психологиялық бағытта қолдау көрсетеді.

Шерхан Арапбай, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының басшысы:

Бірлестіктің 126 мың мүшесі бар. 246 эксперті бар. Бүгінгі таңда біз республика бойынша 1138 мектеппен, 37 университет, 109 колледж, 300-ден аса балабақшамен жұмыс жасаймыз. Мақсат - саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Қалай қалыптастырамыз? Саналы ата-ана ол мінсіз ата-ана емес. Ол жауапкершілігі бар сезімтал ата-ана. Барлығы бала үшін дейтін.

Бүгінгі форумға осындай түрлі бағытта жұмыс істейтін 600-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілі келді. Жалпы елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бірақ оның 5 мыңға жуығы тек қағаз жүзінде ғана бар.

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті:

Біз енді мықты мемлекетте тұрғымыз келеді. Бізде тағы қандай міндеттер бар? Не істеуміз керек? Бірақ, құқылы мемлекетте тұру үшін оған азаматтық қоғам белсенді болуы керек.

Самал Қабышева, тілші:

Яғни, осы бағытта жұмыс істеу үшін азаматтық форум ұйымдастырылып отыр. Ал алғашқысы осыдан 20 жыл бұрын өтті. Ауқымды шара ертең де жалғасады. Үздік 79 Үкіметтік емес ұйымды марапаттау рәсімі өтіп, сыйақы табысталады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу