«Atacms» зымыраны алғаш рет соғыста қолданылды
Украина армиясы алғаш рет АҚШ-тан құпия жеткізілген «Atacms» зымыранын қолданды. Ұзақ қашықтыққа арналған ракетаның Киевке берілгенін президент Владимир Зеленский де, Ақ үй де растады.
Оның соққысынан оккупацияланған Бердянск, Луганск қалаларында Ресейдің тоғыз тікұшағы, арнайы техникасы, зымыран ұшырғыш қондырғысы, оқ-дәрі қоймасы зақымданып, бірталай адам қаза тапқан. Мәскеу бұл шығын туралы мәлімет таратпады. Алайда ресейлік блогерлер ракеталық шабуылдан Ресейдің көп нәрсе жоғалтқанын хабарлап жатыр. «Атакмс» - 300 шақырым жердегі нысанға соққы беруге арналған қару.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эбола вирусы Кенияда да тіркелді
06.10.2026, 17:07
Цифрландырудың арқасында ₸1,5 трлн үнемделді
06.10.2026, 17:05
Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысын уақытша ұстау изоляторына қамады
06.10.2026, 17:02
Мемлекет басшысы мен Оман сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді
06.10.2026, 17:00
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Сарапшы: Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09