Алматыда «Алтын орда» директорының орынбасарына қатысты сот отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтын орда» директорының орынбасарына қатысты сот отырысы басталды

16.10.2023

«Алтын Орда» базары директорының орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Іс Алматы облысы Қарасай аудандық сотында қаралып жатыр. Айыпталушыға Қылмыстық Кодекстің 296-шы бабы 4-ші тармағы, яғни аса ірі мөлшерде есірткілік заттарды иемдену, сақтау және тасымалдау бойынша айып тағылған. Алғашқы тыңдауға Ермек Марқабаевтың туыстары қатысты. Еске салайын, кәсіпкер осы жылдың маусым айында Алматы-Бішкек тас жолында ұсталып, артынша қамауға алынған. Полиция оның артқы қалтасынан психотроптық зат табылды деп мәлімдеген болатын. Сотталушының жақындары мен адвокаттары мұны жоққа шығарып отыр. «Алтын орда» базары бұрынғы басшысының орынбасарына қатысты істе заң бұзушылықтар тіркелді. Ермек Марқабаев нақақтан сотталып жатыр дейді олар.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу