Бұл тілшіміздің бүгіннен бастап іске қосылған 111 нөміріне хабарласқан сәті болатын. Осы нөмірге тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтен зардап шеккендер қоңырау шалып, көмек сұрауына болады. Хабарласу тегін және тәулік бойы қызмет көрсетеді. Сенім орталығына хабарласқандар жедел құқықтық, психологиялық көмек ала алады. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл қылмыстың алдын алады, жедел көмек беруге күшті құрал дейді тұрғындар.
Енді ресми статистиканы да айта кетейік. ІІМ-нің мәліметінше, елімізде тұрмыстық қылмыстардың саны азайып келеді. Мәселен, 19 мамырдан бастап тұрмыстық қылмыс - 2,5% Кісі өлтіру - 4% Ауыр қылмыстар - 10% төмендеген. Мамандар мұның себебін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның қатаңдатылуымен түсіндіреді.
Тұрмыстық қылмыс - 2,5%
Кісі өлтіру - 4%
Ауыр қылмыстар - 10%
Самал Қабышева