Қазақстан мен Өзбекстан 12 инвестициялық жоба іске асырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан 12 инвестициялық жоба іске асырмақ

16.10.2023

Қазақстан мен Өзбекстан бірігіп тұрмыстық техника шығаратын күн алыс емес. Бұл бойынша арнайы инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Елімізде Өзбекстан капиталының қатысуымен 3 мыңдай заңды тұлға жұмыс істеп жатыр. Экономикалық қарым қатынасты одан әрі өркендету үшін өнеркәсіптік кооперация бойынша арнайы карта жасақталып жұмыс топтары құрылған.

Базаркүл Отыншиева, тілші:

Екі елдің кәсіпкерлері бірігіп 12 инвестициялық жобаны жасақтап жатыр. Оның төртеуі жүзеге асқан. Екі жоба Қазақстанның оңтүстігінде жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша, тағы бір жоба көлік құрастыру, ал төртіншісі медициналық бұйымдар өндірісін қамтиды.

Алдағы уақытта тұрмыстық техника шығару ісі қолға алынады. Астана мен Ташкент арасында энергетика мен коммуникация салаларын бірлесе дамыту жоспары бар. Өзбек инвесторларының қатары да артып келеді

Ардақ Зебешев, ҚР СІМ инвестиция комитетінің төрағасы:

Тәуелсіздік жылдарында 30 млн доллар көлемінде инвестиция тартқанбыз, оң динамикасын көріп отырмыз, алғашқы жарты жылдықта 22 млрд АҚШ доллар сауда айналымы оның ішінде сальдоның бізге пайдасы көбірек тиіп, 16 млрд долларға өз тауарларымызды экспорттап отырмыз

Тек соңғы жеті жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымының көлемі үш есеге артқан. Жалпы құны 2,5 млрд долларға жуықтайтын бірлескен жобалар саны 70- тен асады. Әсіресе жеңіл өнеркәсіп пен көлік құрастыру, сондай ақ агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп отыр.

 Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу