Қазақстандық шахматшы сенсация жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шахматшы сенсация жасады

13.10.2023

Сүйінші жаңалықтан бастаймыз. Әлемнің ең үздік шахматшысы қазақстандық Әлішер Сүлейменовтен жеңілді. 23 жастағы отандасымыз Дохада өтіп жатқан «Qatar Masters Open» турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді ұтты. Әлішер ойын тең аяқталады деп ойлаған. Алайда, күтпеген жерден жеңісті жұлып әкеткеніне өзі де таңданыпты. Ал, жеңілісін мойындай алмай жатқан Карлсен бәріне қарсыласымның сағаты кінәлі деп, парақшасына жазба қалдырған. FIDE әлемдік рейтингінде Әлішер Сүлейменов 528-ші орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

Әлішер Сүлейменов, шахматшы:

Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді.


Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу