Ауғанстандағы зілзала: Үйінді астында қалғандарды құтқару тоқтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы зілзала: Үйінді астында қалғандарды құтқару тоқтаған жоқ

12.10.2023

Ауғанстанның зілзаладан зардап шеккен Герат провинциясында, үйінді астында қалған адамдарды іздеу құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ. Инфрақұрылым толықтай істен шыққандықтан, өңірде жағдай қиын. 500 үй жермен-жексен болған. Баспанасыз қалғандары далада түнеп жүр. Жер тербелістері әлсін-әлсін тіркелуде. Қазақстандық құтқарушылар да үйінділер арасынан адамдарды іздеуге көмек көрсетіп жүр. Олар 79 учаскедегі үйінділерді тазартуға жәрдемдескен. Сонымен қатар 49 адамға медициналық көмек көрсетті. Басым бөлігі түрлі жарақаттармен келген. Психологиялық көмекке жүгінгендер де бар. Суық тиіп сырқаттанған адамдарға да ем-дом жасады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 10-шы қазан күні 45 қазақстандық құтқарушы Ауғанстанға аттанған болатын.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу