Өскеменде жедел сатылардың 80%-ы ескі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жедел сатылардың 80%-ы ескі

12.10.2023

Өскеменнің көпқабатты үйлеріндегі жедел сатылардың 80 пайызы тозып тұр. Үш жүзден астамының қолданылғанына Отыз жыл болған. Тек қазірдің өзінде 107 лифті апатты жағдайда. Сондықтан көбінің жүруінен, тұруы көп. Ал көпқабатты үйлердегі тұрғындардың оны жаңартуға қалтасы көтермейді. Тек бір жеделсатыны толық жөндеу 2 миллион теңгеден асады. Индустрия министрлігінің ақпараты бойынша биыл республика көлемінде 300 жеделсатыны жөндеуге демеу қаржы қарастырылған. Бірақ қанша теңге бөлінетіні белгісіз. Тек бір ғана Алматының өзінде 700 көтергіш ауыстырылуы қажет.

Омархан Майжаров, қала тұрғыны:

Бір күн жүрсе, 3 күн тұрады, талай рет біресе есігі ашылмайды, жабылмайды, біресе жүріп келе жатқанда тоқтап қалады, сондай қиыншылықтар көп.

 Надежда Бражникова, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:

Жеделсаты пәтер иелерінің ортақ мүлкі. Сондықтан оны жөндеуге бюджеттен қаражаты қарастырылмайды.Дегенмен қазір біз жоба жасып жатырмыз. Ол бойынша тұрғындар мемлекеттен заим ақша алады. Сол қаражатқа жедел саты жөнделген соң, пәтер иелері бөліп қайтарады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу