Беларусь тұрғыны Данила Цитович 80-нен астам раритет көлік жинаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь тұрғыны Данила Цитович 80-нен астам раритет көлік жинаған

06.01.2017
Беларусь тұрғыны Данила Цитович классикалық көліктің 80-нен астам түрін жинаған. Олардың кейбірі осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын жасалған.

Винтаждық темір тұлпарлардың қатарынан Кеңес одағының құпия полициясы 30-шы жылдары мінген ГАЗ-М-1-ді немесе «қара қарғаны» көруге болады.

Сонымен қатар, Цитовичтің коллекциясында «Волга», «Жигули», «Москвичтің» ескі үлгілері мен Ереванда жасалған «Ераз» жедел жәрдем машинасы бар.

Фазира МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу