Қызылорда облысында 14 миллионнан астам шабақ су айдындарына жіберіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 14 миллионнан астам шабақ су айдындарына жіберіледі

10.10.2023

Қызылорда облысында су айдындарын балықтандыру науқаны басталды. Арал ауданындағы «Қамыстыбас» балық питомнигі Арал теңізі мен Сырдария өзеніне шабақтардың алғашқы легін құйды.

Жалпы алдағы бір аптада питомникте өсірілген 14 миллионнан астам сазан, дөңмандай және ақ амур шабақтары табиғи ортаға жіберіледі. Бұл шаралар аймақтағы су айдындарында балық қорының азайып кету қаупін сейілтіп, балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде «Қамыстыбас» балық өсіру питомнигінде 35 тоған бар. Мамандар мұнда сиреп бара жатқан су маржандарын баптап, табиғи тепе-теңдікті қалыптастыруға зор үлесін қосып келеді.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу