Израильдегі отандастарымызға арнайы рейс жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі отандастарымызға арнайы рейс жолға шықты

10.10.2023

Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де Алматы әуежайынан ұшқан арнайы рейс қарулы қақтығыс болып жатқан Израильден отандастарымызды алып келуге аттанды. Аir Astana компаниясының ұшағы жолаушылармен бірге бүгін түнгі сағат 23:45-те елге оралуы тиіс. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға қайтуға 118 отандасымыз ниет білдірген. Израильде Қазақстан консулдығының есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу