Израильдегі отандастарымызды алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі отандастарымызды алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырылады

09.10.2023

Израильдегі Қазақстан азаматтарын алып келу үшін ертең «Air Astana» әуе компаниясы арнайы рейс орындауды жоспарлап отыр. Алматы қаласынан ұшу сағат таңғы 08:00-ге, ал Тель-Авив қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Ұшақ жолда Ақтау қаласына жанармай құю үшін қонады. «Air Astana» әуе компаниясының ақпараты бойынша, қазір Тель-Авив қаласының әуежайымен рейстің келу және ұшу уақыты келісіліп жатыр.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу