Елімізде МӘМС жүйесіне өзеріс керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде МӘМС жүйесіне өзеріс керек

09.10.2023

Емханаларда кезек өте көп. Иә, депутаттың айтқан сөзінің жаны бар. Емханалардағы ұзын-сонар кезек мәселесі талайдан бері айтылып келеді. бірақ, шешілер емес. Проблема бір мұнымен бітпейді. Бүгін Мәжіліс депутаттары, Үкімет сағатына келген Денсаулық сақтау министрін сұрақтың астына алды. Әсіресе, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы алаңдатады. Рет-ерітмен әріптесім Самал Қабышева айтсын.

Емханаларда кезек өте көп. Маманға жазылу үшін немесе ультра дыбысты зерттеу жасату үшін бірнеше апта немесе айлап күтуге тура келеді. Ауруханадан сұрасаң, бізде план бар бекітіп тастаған. Мынандай жоспардан аспау керексің, 20 адамды қабылдайсың. Шекті шкаланы өзгертуіміз керек. Дәріханалрдың барлығы үлкен бизнес болып кеткен.

Бұл Үкімет сағатында медициналық сақтандыруға қатысты депутаттар көтерген проблемалардың бір парасы ғана. Мәселені шешу үшін жүйені өзгерту керек дейді, олар. Мәселен, Асхат Аймағанбетов халықтың медицианалық сақтандыруға ай сайын жалақысынан аударып отырған қаражатты мемлекеттің міндеттеріне жұмсауға тыйым салуды ұсынды.

Асхат Аймағамбетов , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру міндетін орындағанда министрлік оны бюджет есебінен ғана емес, осы МЭМС те жиналған қаражат есебінен де жүзеге асырды. Бұл да қазақстандықтардың еміне тікелей жұмсалуы тиіс жүздеген млрд теңге болды. МƏМС қорының қаражатын мемлекеттің тікелей міндеттерін орындау үшін жұмсауға тыйым салу керек. Мемлекеттен əлеуметтік санаттарға төленетін жарна ставкасы қайта қаралуы қажет.

Ал денсаулық сақтау министрі бүгінде 11 млннан аса адамға мемлекет жарна төлеп отырғанын жеткізді. Олар, 15 санат бойынша сақтандырылуда. Яғни, 18 жасқа дейінгі балалар, Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар, мүгедектер, жүкті және бала күтімімен отырған әйелдер. Ал елімізде 3,3 млн аса адам сақтандырылмаған.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адам МӘМСжүйесіне енгізуді көздеген.

Сондай-ақ министр, медициналық сақтандыруға қаражат аудармайтындарға көлік жүргізуге тыйым салуға қатысты ұсынысына түсінік берді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мысалы машинаны жүргізетін документ аларда ол адамның өміріне тесілі болғандықтан бірініш қзымте алмас бұрын бұл адам барлық сақтау жүйесінде бар ма? Біздің денсаулық сақтау саласының ойы барлық адамдар толыққанды медициналық көмек алу керек. Ол әзірге министрліктің ұсынысы, әлі талқыланатын болады.

Сондай-ақ министр табысы төмен және ауылдық жерлерде тұратын 1,5 млн адамды бюджеттік қаражат есебінен сақтандыруды ұсынды.Бұл мақсатқа 2025 жылдан бастап 77 млрд теңге қажет. Бұл кемінде халықтың 90-95 пайызын медицианлық сақтандыруымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Ажар Ғиният, осы шарттарды орындалған кезде қордың орнықтылығы сақталатын болады деді.

Самал Қабышева, тілші:

Депутаттар медициналық сақтандырудағы шектік шкаланы алып тастауды талап етті. Себебі, бұл жүйе азаматтардың дәрігерге қаралуына қиындық тудыруда. Мүмкіндіктерін шектеуде. Себебі, ешбір адам қай уақытта шұғыл көмекке зәру болатынын білмейді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу