Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады

09.10.2023

Елімізде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызынан омирконның «Eris» штаммы анықталған. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Қазір COVID-19 диагнозымен ауруханаларда 23 науқас емделіп жатыр, дейді. Жағдайлар жақсы, сырқатты жеңіл түрде өткізіп жатыр. Өлім-жітім дерегі тіркелмеген деп қосты. Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да жоқ екен. Бас санитар сонымен бірге, елде шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу