Алматы облысында туристер мінген автобус апатқа түсті
Алматы облысындағы «Қайыңды-Саты» таулы автожолында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Бір адам қайтыс болды, 23 жолаушы зардап шекті. 9-ының жағдайы ауыр. Арасында жүкті әйел бар. Қалғандары медициналық көмектен соң үйлеріне босатылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, автобуста 35 адам болған. Дені туристер. Екеуі Үндістан, үшеуі Ресей, қалғаны Қазақстанның басқа өңірлерінен келген азаматтар. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.
Бекзат Бейсенов , Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы патология бөлімінің меңгерушісі:
Біз кеше осындай оқиға болғаннан бастап ауруханада травматолог, хирург барлық дәрігерлер осы жерде болды. Түнгі 3:00-ден бастап операциялар жүріп жатыр. 4 науқасқа ота жасалды, 3 науқас отаға дайындалып жатыр. Жағдайлары бір қалыпты, соның ішінде жағдайлары ауыр 2 науқас бар. Соның бірінің сан сүйегі сынған, біреуінің ортан білегі сынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21