Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

05.10.2023

Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан Презиентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді. Сондай-ақ, Президенттер трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу