Алматыда соққыға жығылған орманшы ауруханадан үйіне шығарылды
Алматыда белгісіз біреулер соққыға жыққан орманшыны ауруханадан үйіне шығарылды.
Оқиға Алматы іргесіндегі «Ақ қайың» шатқалында болған. Таудан жалғыз өзі түсіп келе жатқан орманшы бекетті бұзып өтуге әрекет жасап жатқан қара автокөлікті байқаған. Әріптесі Мұрат Дағыловтың сөзінше, қасына барып өзін таныстырып, жөн сұраған.
Мұрат Дағылов, орманшы:
Сөйлесіп тұрғанда екіншісі көліктің ішінен шығып, шлагбаумды сындырып жатқан кезде келіп байқатпай битамен ұрған. Үшінші жолы ұрған кезде басына тиіп, құлап есінен танып қалған. 30-40 минуттай жатып қалған.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Бірақ күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Ұлттық парк басшылығы қызметкерлерінің қауіпсіздігі барынша қарастырылған дейді.
Дархан Исабеков, «Іле Алатау» ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары:
Біздің мемлекеттік инспекторлар, орманшы дейміз ғой. Олардың қауіпсіздігі үшін арнайы қару-жарақ беріледі. Арнайы киімдер, дүрбі дейміз. Парк бойынша бізде әрбір филиалда жедел топ бар. Егер сол кезде жедел топ қасында болса мұндай жағдай болмайтын еді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05