Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы 100%-ға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы 100%-ға артты

04.10.2023

Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға артты. Қазір ел бойынша 350 мыңнан астам педагог еңбек етеді.

Оның 220 мыңына біліктілік санаты үшін қосымша қаржы төленеді. Яғни педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% үстеме ақы қосылды. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беретін педагогтар да, назардан тыс қалған жоқ. Олардың жалақысы 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 30 пайызға көбейді. Сондай-ақ, былтырдан бері жалпы білім беретін пәндер бойынша, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ұстаздарға/ бір жолғы сыйақылар беріле бастады. Қазір республикалық деңгейдегі «Үздік педагог» байқауы өтіп жатыр. Озып шыққан 64 жеңімпаз арнайы төсбелгіге және ақшалай сыйлыққа ие болады.

Ғарифолла Туалбаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Мұғалімдердің жалақысы соңғы төрт жылда жүз пайызға көтерілді.Ол деген мұғалімдердің жауапкершілігі артты деген сөз.Қазіргі аттестация өзгерді, әр аттестациядан алған сарапшы, модератор немесе зерттеушіні алған мұғалімдерге өздеріне тиесілі жалақысы көтеріліп жатыр. Қазір мен педагог-сарппшымын. Менің жалақыма қосымша 30 процент қосылып, маған қосымша көмек беріп жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу