Италияда көз жұмған Әсем Жарбосынның қазасына Назарбаев университеті көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда көз жұмған Әсем Жарбосынның қазасына Назарбаев университеті көңіл айтты

20.01.2023

Италияда жол көлік апатынан көз жұмған Әсем Жарбосынның мезгілсіз қазасына байланысты Назарбаев университеті көңіл айтты. Әріптестері мен достары оның ғылымға деген ұмтылысын ерекше атап өтті. Жас ғалым шетелде білім алып, тәжірибесін туған жердің игілігіне жұмсауды көздеген.

27 жасында бірнеше ғылыми мақаласы жарық көрді. Ол Италияның жоғары оқу орнына грантқа түсіп, докторантурада оқып жүрген. Еске салсақ, 17 қаңтар күні көшеде өтіп бара жатқан сәтінде көлік қағып, мерт болды.

Айдана Бөрібаева, әріптесі:

Оның жұмыстары әрқашан қызықты, адамдарды ғылымға тартатындай жұмыс істеген. Оның көп мақсаттары болды. Жас ғалым ретінде көптеген белестерді бағындырғысы келген.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу