Шымкенттік шенеуніктер 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырып, Астанадан қымбат үй сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік шенеуніктер 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырып, Астанадан қымбат үй сатып алған

02.10.2023

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы мен бірқатар лауазымды қызметкер 1 миллиард теңгеден астам қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қала әкімдігінің бақылауындағы мердігер мекеме жылу және электр желілерін жаңартуға қажетті бөлшектер мен жұмыс ақысын әдейі қымбатқа бағалап, артық ақша алған. Шенеуніктер ол қаржыға Астанадағы қымбат үйлерден пәтер сатып алған.

Күдіктілер қазір қамауда. Аса ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша істі қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.



Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу