Азия ойындары: Ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті

06.10.2023

Азия ойындарында карате шеберлері тағы да ел қоржынына медаль салды. Жаңа ғана Қайсар Алпысбай алтын медаль ұтып, ел абыройын асқақтатты. Ал Әсел Қанай жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Иә, каратешілер жарап тұр. Кешегі Нұрқанат пен Лаура бастап берген жеңісті жолды бүгін Қайсар мен Әсел жалғастырды. 60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай бүгін қарсылас шақ келтірмеді. Алтын үшін айқаста ол азияның екі дүркін чемпионы кувейт спортшысы Абдулла Шаабанмен жекпе-жек өткізді. Бұған дейін қос мықты ислам ойындарында кездесіп, онда да жересіміз жеңіске жеткен. Ақтық бәсеке расында қос чемпионға лайықты деңгейде өтті. Талас-тартыс, жеңіске деген ұмтылыс. Осылайша Қайсар өз мықтылығын тағы да бір дәлелдеп 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Қайсар Алпысбай, Азия ойындарының чемпионы:

Сонымен қатар бүгін татамиге қыз-келіншектер арасында Әсел Қанай шықты. Ол қоржынға қола медаль салды. Әсел жарыс алдында жарақат алып, жаттығуын үзіп алған. Дегенмен жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Үшінші орын үшін таласта ол иран спортшысымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Каратешілер бәсекесі әлі екі күн жалғасады. Әлі төрт спортшымыз жарыс алаңына шығады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу