Әлем жаңалықтары: «Таулы Қарабақ республикасы» жойылатыны хабарланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем жаңалықтары: «Таулы Қарабақ республикасы» жойылатыны хабарланды

01.10.2023

«Таулы Қарабақ республикасы» жойылады. Осы аптада Самвел Шахраманян сепаратистік құрылымды жою туралы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, енді жаңа жылға дейін «республикаға қараған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар» таратылуы тиіс.

Ал Таулы Қарабақ халқына Әзербайжанның «реинтеграция шарттарымен танысыңыздар» деген кеңес беріліп отыр. Жарлықта Таулы Қарабақ тұрғындарына Лачин дәлізі арқылы көлікпен еркін өтуіне жағдай жасалатыны да айтылған.

Мұндай келісім Әзербайжан өкілдері мен ресейлік бітімгерлердің келіссөздерден кейін жасалған. Өткен аптада Әзербайжан өткізген әскери операциядан соң «Таулы Қарабақ республикасының» билігі Баку шарттарымен келіскен еді.

Ресми Ереванның мәліметінше, Таулы Қарабақтан Арменияға 65 мыңнан астам адам қоныс аударған. Премьер-министр Никол Пашинян босқындарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Таулы Қарабақтағы жағдайдың қалай өрбігенін бұған дейін Нұрбек Матжани талдаған еді. Бұл аптада әлемнің өзге жаңалықтарын саралайды.


Хабарламаларға жазылу