ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілді

05.08.2020
ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілді

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып бекітілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында хабарланды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі»,- делінген Үкімет қаулысында.


Хабарламаларға жазылу