Азия ойындары: Боксшылар бәсекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Боксшылар бәсекесі

30.09.2023

Азия ойындарының ресми басталғанына бір апта болды. Бүгін Ханчжоудағы шаршы алаңға бес бірдей боксшымыз шықты. Олардың нәтижесі қандай? Қытайда жүрген әріптесім Шерхан Жамбылұлынан білсек. Шерхан бүгінгі бәсеке қалай болды?

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Жаңа ғана Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегі аяқталды. Команда капитаны өзбек боксшысы Асадхуджа Мудинхуджаевпен жұдырықтасты. Жартылай финал үшін талас расында тартысты өтті. Қос спортшы да медальдан мүдделі еді. Дегенмен Асланбектің жолы болмады. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев та Бахрейн атынан шығып жүрген ресейлік боксшы Данис Латыповты бақ сынады. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бұл кездесудің оңай болмағанын айтады. Бас бапкер кешегі жекпе-жектердің шешіміне қатысты да пікірімен бөлісті. Сұхбатқа назар салсақ.

Мырзағали Айтжанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

Менің ұстанымым бір бас жоғары болу керек. Сәл-сәл ұтқан кездесулер былай да былай да кетеді. Оған біз қапа болмауымыз керек.

Бүгін шаршы алаңға Махмұд Сабырхан да шықты. Ол солтүстік кореялық қарсыласына есе жіберді. Әйелдер арасында Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова өнер көрсетті Екеуі де өкінішке қарай қарсыластарына жол берді. Боксшылар додасы 5 қазанға дейін жалғасады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу