Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда бірнеше ірі компанияның басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда бірнеше ірі компанияның басшыларымен кездесті

30.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда бірнеше ірі компанияның басшыларымен кездесті. Алдымен Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады. Кездесу барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Ал Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен энергетика секторындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Одан соң Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі Штефан Ольрихпен кездесті. Компанияның фармацевтика бағыты бойынша басшысымен денсаулық сақтау, орнықты егіншілік және ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастық жайы сөз болды. 

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу