Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар IT компания басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар IT компания басшыларымен кездесті

28.09.2022

Осыған байланысты мемлекет басшысы бірқатар IT компаниялардың басшыларымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды. Арсен Томский Мемлекет басшысына Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі - іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты.

Сондай-ақ Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді. G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды. Bharti Enterprises және OneWeb құрылтайшысы әрі төрағасы Сунил Барти Митталмен кездесуде шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелері талқыланды.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу