«Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады

30.09.2023

Өзге этнос өкілдері арасында өтетін «Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді 1-ші және 20 қазан аралығында арнайы поштаға жіберу керек. Аймақтық кезеңде бақтарын сынап, үздік деп танылғандар республикалық жарысқа жолдама алады. Додаға 14 пен 35 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 млн теңге. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жобаның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру.

Армаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу