Оңтүстік Қазақстан облысында «Ең үздік келін» байқауы өтті

17.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ең үздік келін» байқауы өтті
Байқау барысында келіндер ұрпақ тәрибесі мен ұлттық салт-дәстүрімізге қаншалықты жетік екендерін танытты.

Оңтүстік Қазақстан облысында өңірдің ең үздік келіні анықталды. Арнайы ұйымдастырылған байқау барысында келіндер ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрімізге қаншалықты жетік екендерін танытты.

Cайыста олар ұлттық тәрбиенің кәусәр бұлағы - бесік жырын орындады. Аналар сәбиін жұбатып, ерекше жыр шумақтарымен даралануға тырысты. Мұнан соң көпшілік келіндердің мақал-мәтел сайысы мен өнерін қызықтады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу