Соңғы 5 жылда орман өрті елімізге 30 млрд теңге шығын келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 5 жылда орман өрті елімізге 30 млрд теңге шығын келтірген

28.09.2023

Соңғы 5 жылда орман өрті елімізге 30 млрд теңге шығын келтірген. Жалпы ауданы 610 мың гектар орманда 3 мың өрт тіркелген. Бұл ақпарат бас прокуратураның алқа отырысында айтылды.

Жиында Абай және Қостанай облыстарында болған ірі өрттерді тергеу барысында прокурорлар анықтаған бірқатар түйінді проблемалар көтерілді. Олардың қатарында өртті сөндірудің нақты алгоритмдерінің жоқтығы, Экология және Төтенше жағдайлар министрліктерінің арасында дұрыс байланыстың орнамауы, техниканың тозуы сияқты проблемалар бар. Осыған байланысты Бас прокуратура Үкіметке ұсыныс енгізді.


Хабарламаларға жазылу