Ақтөбеде 11 мың гектар жер мақсатты пайдаланылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 11 мың гектар жер мақсатты пайдаланылмаған

28.09.2023

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 11 мың гектар жер мақсатты пайдаланылмаған. Бұл факті арнайы тексеріс нәтижесінде анықталып отыр. Қазірге дейін жалпы ауданы 784 гектар болатын 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Қалғандары бойынша да тиісті шаралар қабылданып жатыр. Сондай-ақ облыс орталығының аумағында үй құрылысы үшін бөлінген жерлердің де ұзақ уақыт бойы бос жатқаны анықталды. Жауаптылардың айтуынша, мұндай жер учаскелерін кері қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 Жангелді Қабылов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Биыл жалпы ауданы 22,5 гектарды құрайтын 10 жер учаскесі анықталды, пайдаланылмайтын.Олар бойынша тиісті тексеріс жүргізілді. Олар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, яғни, үш жыл қатарынан. Олар бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті тиісті шара қолданады.


Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу