Әкімдер сайлауына 38 күн қалды. Кандидаттарды ұсыну 5 қазан күні сағат 18:00 аяқталады. Ал 10 қазанда үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. 24 күн бойы өз бағдарламаларын тұрғындарға насихаттайды. 4 қараша тыныштық күні. 5 қарашада халық өз таңдауын жасайды. Сайлау 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қалада өтеді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы Салтанат Тұрсынбекова саяси науқанның жергілікті деңгейдегі қордаланған мәселелерді шешуге ықпал ететініне сенімді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы:
Әкімді халық сайлайтын болса, қандай деңгейде болса да, оның нәтижесі басқаша болады. Өйткені халық өзінің жағдайын түсінетін, өзінің ең буынды, ең керек мәселелерін шешетін әкімді сайлайды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әкімдер сайлауына 38 күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/181951/)