«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алматылық көрерменнің назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алматылық көрерменнің назарына ұсынылды

22.09.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімі «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алматылық көрерменнің назарына ұсынылды.

Туындының премьерасын тамашалуға келген көрерменнің қарасы қалың. Залда ине шаншар орын болмады. 120 минуттық кинокартинада Міржақыптың «Оян, қазақ» кітабын жазғаннан бастап темір торға тоғытылғанға дейінгі өмірі көрсетіледі. Яғни, қайраткер азаматтың ғұмырының 1909-1935 жылдар аралығы қамтылған. Фильмде оның революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысында өткізген жылдары да көрініс тапқан.

Еске саламыз бұған дейін Ұлттық арнаның тапсырысымен Міржақып Дулатов жайлы 6 бөлімдік телесериал түсірліп, оны көрермен жылы қабылдаған еді.

Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» ҰТА Бас редакторы:

Көрерменнің ықыласын ескеріп, осы сериалдың рейтингін ескеріп корпорация прокатқа фильм түрінде шығаруды жөн көрді. Негізі Қазақстан корпорациясы жылына әртүрлі жанрдағы сериалдар түсіреді.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу