«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі

08.09.2023

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өміріне қатысты фильм енді кинотеатрлардан көрсетілмек. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем туынды 21 қыркүйекте көрерменге жол тартпақ. Сериал режиссері – Мұрат Есжан. Фильмде ақынның 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңі қамтылады. Айта кетейік, телехикая былтыр Қазақстан Ұлттық арнасының эфирінен көрсетіліп, көптің қызығушылығына ие болды. Ал биыл «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанған еді.

Мұрат Есжан, режиссер:

Анығын айтқанда Ләззат Мұратқызының идеясы. Осы фильм шыға салысымен интернетте, әлеуметтік желіде, басылымдарда өте талқыға салынды. Жақсы пікір айтылды. Сол кезде Ләззат Мұратқызы бізді қабылдап, халық жақсы қабылдап жатса сұраулар да болды. Сөйтіп неге соны жасап көрмеске деген ой болды. Оны біз қоштадық.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу