«Міржақып. Оян, қазақ» үлкен экранға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Міржақып. Оян, қазақ» үлкен экранға шықты

21.09.2023

«Міржақып. Оян, қазақ» фильмін дәл қазір алматылықтар кинотетардағы үлкен экраннан көріп жатыр. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімін тамашалауға біраз көрермен жиналды. Фильм кинотеатрдан осы айдың соңына дейін көрсетілуі мүмкін. 120 минуттық кинокартинада Алаш қайраткерінің революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты күндері көрініс тапқан.

Еске саламыз бұған дейін, Ұлттық арнаның бастамасымен Міржақып Дулатов жайлы 6 бөлімдік телесериал түсіріліп, ол көрермен арасында кеңінен танылған еді. Туынды аытордары сериалдан құрастырылған толық метражды фильм де көпшіліктің көңілінен шығады деген үміттеміз, дейді.


Хабарламаларға жазылу