Білім саласындағы жемқорлықты жою: Павлодар облысында жаңа жоба іске асырылады
Павлодар облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюдың ұшқыр жобасы іске асырылады. Бағдарламаны еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жасаған. Жаңашылдығы сол, салаға бөлінген қаржы сандық технология арқылы орталықтан бақыланады. Мұғалімдердің еңбекақысынан бастап, күнделікті қанша сағат сабақ оқытқанына дейін есеп табеліне автоматты түрде жазылып отырады. Жаңа бағдарлама мұғалімдердің нормадан тыс жұмыс істеулеріне де шектеу қоймақ. Яғни, кейбір мұғалімдердің тамыр-таныстықты пайдаланып, оқу сағаттарын белгіленген жүктемеден артық алып, басқа әріптестерін жұмыссыз қалдыруына жол берілмейді. Жалақысын мерзімінен бұрын аламын десе тек 50 пайызы ғана беріледі.
Асхат Жұмағали ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
Талдықорған қаласында білім бөлімінің есепшісі басқа әріптестерімен ымыраласа небары екі жылдың ішінде 4,5 млрд. теңге қаржыны ұрлап кеткенін білесіздер. Ол жерде ақша жымқырудың тұтас жүйесі қалыптасқан. Жаңа жоба осы білім саласындағы жемқорлықты тамырымен құрту мақсатында ұсынылып отыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04