Абай облысындағы Бесқарғай ауданы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды. Оған себеп тұрғынның бірі «сібір жарасына» шалдыққан деген күдік бар. Сондықтан, барынша сақтық шаралары қолға алынып жатыр. Елді мекеннің кіре берістеріне санитарлық бекеттер қойылды. Ауылға кіріп-шығуға мүлдем тиым салынған. Өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып баяндасын.
Қазір Жетіжар ауылына кірберісте мынау сынды екі жерден санитарлық бекет қойылған. Кіріп-шыққан көліктер түгел тексеріліп жатыр. Ауыл ішінде де қауіпсіздік шаралары қолға алынған.
Ауылға тек арнайы қызмет көліктеріне ғана өтуге рұқсат. Олардың өзі залалсыздандырылғанан кейін бірақ жіберіледі. Ал тұрғындарға кіріп- шығуға мүлдем тиым салынды. Өйткені мал еті мен жүні, ластанған тағамдар мен ауыз судан жұғатын індеп тез таралады, әрі өте қауіпті. «Сібір жарасын» жұқтыру мүмкін деген адам қазір облыс орталығына ем алып жатыр. Онымен қарым-қатынаста болғандарға, сондай ақ ауыл тұрғындарына жұқпалы ауру жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Динара Шектібаева, Жетіжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
Күдікті болған адам өзі больницада жатыр. Сараптама нәтижелері шыққанша ауруханада болады. Енді жолдасы карантинге қойылды. Онымен қарым-қатынаста болған кісілер де карантинге қойылды.
Дизенфекция шаралары жасалды. Кешеден бері осы жерге. Жалпы ауылдағы мал бастарын қарапа аралап шықты. Өлім жітім осы ауылда болмаған. Тіркелмеген. Осы ауру өте қауіпті аурулардың қатарына кіреді. Малдан жұғады. Ал адамнан адамға ол ауру жұқпайды.
Жетіжар ауылында соңғы рет «Сібір жарасы» Кеңес заманында тіркелепті. Бірақ, оның ошағы ауылдан 25 шақырым қашықта орналасқан. Әрі ауырған мал қалдықтары санитарлық талапқа сай көміліп, қорым бетондалған көрінеді. Одан қауіп жоқ дейді ветеринарлар. Әзірге «сібір жарасына» шалдықты деген науқастың диагнозы толық нақтыланған жоқ. Оған екінші рет қан сараптамасы жасалды. Нәтижесі белгілі болғанша ауылдан төтенше жағдай режимі алынбайды. ЕЖ.СН.ҚҰА Абай облысы