Атырауда 5 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті
Атырауда 5 жасар бала жеке үй ауласындағы кәріз құдығына құлап кетті. Оқиға Исатай ауданына қарасты Аққыстау елдімекенінде болған. Ауыл тұрғыны ойнап жүрген ұлының ұшты-күйлі жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. Кейін кент аумағында жедел-іздестіру жұмыстары басталған. Полицейлер баланың дауысын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп, дереу шығарып алған. Бүгінде баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00