Астанада құрылыс қарқыны бәсеңдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрылыс қарқыны бәсеңдейді

19.09.2023

Астанада құрылыс қарқыны бәсеңдейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Оған негізгі себеп жаңа үйлерге деген инфрақұрылымның жетіспеушілігі. Алдымен су, жылу, жарық, жолды тапшылық болмайтындай жеткілікті деңгейге көтеріп алуымыз керек. Осы себепті көп қабатты ғимарат тұрғызуды толық тоқтатпасақ та шектеу қоюға мәжбүрміз. Содан кейін құрылысты қайта жандандырамыз, - деді министр.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Құрылыс тоқтамайды. Құрылыс жалғасады. Халықтың сұранысы пәтерлерге, үйлерге өте үлкен. Сонымен құрылысты біз тоқтатпаймыз, оны жалғастырамыз.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу