Астанаға Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн келді

18.09.2023

Астанаға Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн келді. Олар "Comic Con Astana" фестивалінің қонақтары. Бұл шетелдік актерлердің Қазақстандағы алғашқы сапары. Олар Елорданың сұлу келбетіне таңданысын жасырмады.

«Галактика сақшылары» фильмінде осындай дыбыс шығару арқылы күш шақыратын актер Майкл Рукер Астанаға келді. Елорда төрінде өткен журналистермен кездесуде ол өзінің сәлемін ерекше хеткізді.

Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн бұған дейін Орта Азия елдерінде болмаған. Ал, Астананың ерекше кейпі, алуан түрлі сәулет өнері таңқалдырды дейді.

Шон Ганн, актер:

Ханшатыр мен Бәйтеректің архитектурасы ерекше екен. Қазақ халқының тарихынан сыр шертіп тұр. Астана маған қатты ұнады. Өте әдемі қала. Халқы да өте қонақжай екен.
«Comic Con Astana» фестиваліне келгендер тек шоу бағдарламаларды тамалашап, голливуд жұлдыздарын көріп ғана қайтқан жоқ. Олар шеберлік сабақтарына қатысуға да мүмкіндік алды.

Жамиля Хангельдина – «Comic Con Astana» фестивалінің PR директоры:

«Comic Con Astana» фестивалі - кино, комикс, анимация, гид мәдениетіне арналған мереке десе болады. Осымен Астанада екінші рет өтіп жатыр. Мұнда халықаралық студия Марвел, Дисней, халықаралық студиялар шақырылған. Ал шараның мақсаты, жаңа буынмен, жасөспірімдермен бір тілде сөйлесу. Олардың ой түйіндерін білу.
Сондай-ақ фестиваль аясында косплей байқауы ұйымдастырылды. Онда жанкүйерлер өздерінің сүйікті актерлерінің образын жасап, бақ сынасты.

Мирас Жоламанов, Астана қаласының тұрғыны:

Менің кейіпкерім Рононоа Зоро. Жапондық анимейден алынған. Вампирс деген. Бұл образды жинағаныма бір ай болды.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 млн теңге. Гран-при 3,5 млн теңге. Бас жүлде Харима кейіпкерінің образын сомдаған 23 жастағы қатысушыға бұйырды. «Comic Con Astana» фестиваліне қызығушылар қатары артып келеді

Самал Қабышева, тілші:

Астанада үш күнге жалғасқан Comic Con фестивалі өз мәресіне жетті. Голливуд жұлдыздары арнайы келіп қатысқан шараға жалпы 70 мыңнан аса адам келген. Ал ұйымдастырушылар алдағы уақытта фестивальдің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу