Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 609 млн теңге заңсыз төленген
Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 600 млн теңгеден аса қаражат заңсыз төленіп келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Облыстық білім басқармасы ақшаны тек қағаз жүзінде ғана тіркелген 13 адамның атына аударып отырған. Осы факт бойынша алты есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біреуіне сот үкімі шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге көлемінде шығын мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, мұғалімдермен мәміле жасау арқылы жалақыны көтеріп төлеу фактісі анықталған. Осыған байланысты бір есепші мен төрт мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтар теңгемен көбірек ақша жинай бастады
24.11.2026, 11:14
Екібастұзда 31 отбасы үйлі болды
24.11.2026, 10:14
Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік
24.11.2026, 10:13
ML School Kazakhstan бағдарламасы іске қосылды
24.11.2026, 10:12
Қарағандыда ЖИ мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 10:11
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ рейтингтерін растады
24.11.2026, 10:09
Ресейде коронавирус түрлеріне қарсы вакцина шығарылды
24.11.2026, 10:07
Тегеран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтірудің басты шартын атады
24.11.2026, 10:06