Павлодарда жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторы 1 млн теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторы 1 млн теңге айыппұл төлейді

18.09.2023

Павлодарда жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторы мемлекетке 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ол осыдан бір ай бұрын «пара» алды деген күдікпен ұсталған болатын. Алайда тергеу барысында мемлекеттік қызметкердің әрекеті ҚР қылмыстық заңының алаяқтық бабына ауыстырылды. Себебі ол өзі жұмыс істемейтін мекеменің заң бұзған кәсіпкерге қатысты тағайындаған әкімшілік жазасын алып тастауға уәде берген. Бұл қызметі үшін 50 мың теңге талап етіпті.

Маржан Құрманғалиева, Облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы:

Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, жағымды мінездеме берілуін ескере отырып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқаруын өмір бойына айыру мен параның 20 еселенген мөлшерінде, яғни 1 миллион теңге айыппұл тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу