Жаз бойы жалғасқан қуаңшылық күзде толассыз жаңбырға ұласты. Салдарынан шаруалар бір жарым айда егіннің үштен бір бөлігін ғана қамбаға құйып үлгерді. Шамадан тыс ылғалдың әсерінен арпа-бидайдың сапасы да төмендеп кеткен. Ал былтыр диқандар дәл осы кезде астықтың басым бөлігі жинап үлгерген еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда 600 мың гектар алқап дәнді және майлы дақылдар қар астында қалған еді. Биыл да жағдайдың қайталанбасына кепіл жоқ. Эльмира Кәленованың материалы.
Эльмира Кәленова, тілші:
Диқандар жаз бойы күтіп-баптаған егінді дер кезінде жинай алмай отыр. Дестеге түскен мынадай бидай қайтадан бөртіп, өсіп жатыр.
Өсіп тұрған бидайдың да құрамында ылғал көп. Кей алқаптар қарайып жатыр. Енді жаңбыр жауса, өнім түгел шіріп кетуі мүмкін. Мұндай проблема егін шаруашылығымен айналысатын барлық аймақта бар.
Талғат Мұсарьянов, диқан:
Жаңбыр осылай жауса, бидай пісіп тұр. Оған су тигесін ол на корню деген бар, прорасти может. Ол уже не классный болып кетеді. Ешкім де алмайды оны. Только малдарға кететін болады. Немесе биотопливо, сол жаққа кетеді.
Солтүстік Қазақстанда 250 мың гектар алқаптың егіні осылай бүлініп жатыр. Күн ашылып, жер құрғап, танап басындағы тіршілік қайтадан жандана бастады. Ал өнім сапасы.
Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Сапасы кішкене төмендейді, енді оған қарамау керек. Элеваторға барып, определять етеді, класность, сапасын, бәрін сонда. Техника шаруашылықтарда бар. Бәрі дайын тұр. Қазір ауа райы тұрса, бір аптаның ішінде біразын алып тастайды.
Қостанай облысындағы жағдай, тіпті, күрделі. Егіннің 24 пайызы ғана жиналған. Шаруалар тамыздың 20-сынан бері егінге орақ сала алмай отырғанын айтады. Жаңбыр бірнеше күн бұрын тоқтаса да, егістік алқаптар құрғамай жатыр.
Ермек Әлмағамбетов, диқан:
Барлық элеваторлар бос емес. Мұндай бидайды қабылдап жатқан жоқ. Егер мына егінді орып алсақ, келер күні қызып кетеді. Биыл жақсы өнім болады деп күткен едік. Бұл жалғыз менің емес, барлық шаруаның проблемасы. Несиені қалай жабатынымызды білмей отырмыз. Ылғал деңгейі жоғары. Алқапқа комбайндарды шығаруға болмайды. Техника істен шығады.
Ермек Әлмағамбетов биыл кірісінен шығыны көбейіп кеткенін айтады. Көктемге лизингке техника алған. Енді қарызды қалай өтерін білмей дал. Әсіресе осындай шағын шаруашылықтардың проблемасы шаш етектен
Ернұр Әйтекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі:
Кредиттері, алған лизингтерін, олардың түгелін пролангация жасап, көмектесіп беруіміз керек. Егер де соны жасамасақ, олар өте қиын жағдайға түседі. Сол себептен осы пролангация жасап бергеннен кейін оларға келесі жылы егін егу керек қой, кредит алуға жағдай жасап беруіміз керек.
Қостанай облысындағы Қарабалық ауыл шаруалышылық тәжірибелік станциясының ғалымдары мәселенің басқа шешімін ұсынып отыр. Айтуларынша, ауыл шаруашылығы саласында мұндай шығындарды болдырмау үшін ауыспалы климатқа төзімді тұқым түрлерін пайдалану маңыды.
Дамир Қалдыбаев, Қарабалық ауыл шаруалышылық тәжірибелік станциясының басқарма басшысы:
Біздің сортарымыз «Фантазия» деген, «Айна» екеуі проростание болған жоқ. Екі аптаны пайдаланып, тұқымға алсақ, көктемде жақсы качествамен беруге енді жоспарымыз бар. Қазіргі кезде иә, мүмкіндік бар.
Былтыр осы «Айна» тұқымын еккен қостанайлық шаруашылық гектарынан 55 центнерден өнім алған. Кез келген диқанның арманы. Ал биыл республика бойынша өнімділіктің орташа көрсеткіші гектарынан 10 центнер. Сапа да төмен. Қалған өнім дер кезінде жиналмаса, мал азығына ғана жарайды. «Биыл нансыз қалмаймыз ба?» деген сауал еріксіз көкейге келді.
Дамир Аспан, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:
Былтырғы жиын-терімнің нәтижесінде 10 жылда болмаған рекорд орнтатқан болатынбыз. 22 млн тонна жинадық деп айтатын болсақ, дәнді дақылды. Оның 16 млн тоннасы тек бидай ғана болатын. Яғни, бұл жерде былтырғыдан қалған өзіміздің елімізде бидай қоры жеткілікті. Қазіргі уақытта 5-6 млн тоннасы бар. Сондықтан бұл жерде егінге орақ түспеді деп, қорқыныш ешқандай қажеті жоқ.
Биылғы егінді толықтай жинай аламыз ба? Оның сапасы қандай болмақ? Өнімнің неше пайызын жоғалтуымыз мүмкін? Егін орағы аяқталмайынша ешкім дөп басып жауап бере алмай отыр. Ал шығынға ұшыраған шаруалар үкімет төтенше жағдай жарияласа дейді. Өйткені қолдаусыз аяққа тұру қиын болатынын айтады.
Элмира Каленова