Қарағанды облысында бас есепші баласын емдету үшін қаржы жымқырды
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған. 2 жыл ішінде 24 миллионнан астам теңгені өзінің жеке есепшотына аударып үлгеріпті. «Еркетай» балабақшасы қызметкерінің баласы, туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, 1-топтағы мүгедек.
Бас есепші кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан. Күдікті «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену» бабымен 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттелді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18