Сенатор астықты аймақтарда төтенше жағдай жариялауды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор астықты аймақтарда төтенше жағдай жариялауды сұрады

14.09.2023

Сенатор Ғауез Нұрмұхамбетов Үкіметті елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды. Оның айтуынша, егін жинау жұмыстары басталған кезде қолайсыз ауа-райы қалыптасты. Қостанай облысының барлық аумағында үздіксіз жаңбыр жауды, тек тамыз айында жауын-шашын нормадан 2,5 есе жоғары болды. Ауа-райының нашарлауы егін жинауды қиындатып, астық сапасы төмендеген.

Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Импорттық тұқымдарды сатып алу және әкелу кезінде, ылғалды астықты жедел әкету және кептіру үшін фермерлерге қосылған құн салығын алып тастауды, автокөлікке тиеу талаптарына мораторий белгілеуді, өнімді егістіктен қоймаларға және астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау кезінде қазіргі уақыттағы 1 тоннаға 100 евро мөлшерінде баж салығын көздейтін күнбағыс экспортына шектеулерді алып тастауды ұсынамыз.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу