Футбол: Самородов соққан гол үздіктер тізімінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Самородов соққан гол үздіктер тізімінде

13.09.2023

Бұл Солтүстік Ирландиямен өткен матчтың 27-інші минутында Самородов соққан гол. Сол ойындағы жалғыз гол ғана емес, тұтас УЕФА-ны таңдандырған үздік голдардың бірі. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың есеп ашқан соққысы үздік голдар тізіміне енді. Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирлдандияны қабылдаған болатын. Самородов салған гол құраманы жеңіске жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр.


Хабарламаларға жазылу