Астанада 15-17 қыркүйек күндері халықаралық Comic Con фестивалі өтеді
15-17 қыркүйек күндері Астанада халықаралық Comic Con фестивалі өтеді. Ауқымды шараның құрметті қонағы голливуд жұлдыздары болмақ. Олардың қатарында, Майкл Рукер мен Шон Ганн бар. Рукер әлемдегі барша көрерменге «Галактика сақшылары» фильміндегі Йонду рөлімен таныс. Жалпы бұл халықаралық фестивальде 10 млн теңгенің жүлде қоры тігіліп, косплей байқауы да ұйымдастырылады.
«Галактика сақшылары» фильміндегі жүзі көк түсті кейіпкер Қазақстанға келеді. Ол - актер Майкл Рукер. Әлем көрермендеріне танымал голливуд жұлдызы Астанада өтетін Comic Con фестивальіне арнайы келетінін жариялап, қонақтарды шақыруда.
Бексұлтан Абдрахманов, «Comic Con Astana» фестивалінің директоры:
Бұл фестиваль креативті индустрияны ғана дамытпай, туризмге де өте жақсы. Біздің қонақтарымыздың 20-30 пайызы туристер. Басқа елден келген қонақтар. Олар әдейілеп осы фестивальге келмек.
Жалпы, «Comic Con Астана» халықаралық фестивалі бұған дейін алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Бұл кадрлар сол шарадан үзінді. Ал жұма күні өтетін фестиваль қызыққа толы болады дейді, -ұйымдастырушлар.
Жамиля Хангельдина, «Comic Con Astana» фестивалінің PR Директоры:
Бұл фестивальдің негізгі қатысушылары косплей конкурсына қатысатын фанаттар. Өздерінің жаңағы супер геройлардың, кейіпкерлерді қолдарымен жасап, осы конкурсқа қатысайын деп ниеттеніп келе жатқан жасөспірімдер.
Comic Con халықаралық фестивалі Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан конгерсс орталығында өтеді.15-17 қыркүйек күндері голливуд жұлдыздары арнайы келіп қатысады деген фестивальге жалпы 70 мыңнан аса қонақ келеді деп күтілуде. Шара барысында келушілер тек шоу бағдарламаларды тамашалап қоймайды. Сонымен қатар, 3 Д форматындағы және түрлі анимациялық дүниелерді үйренуге мүмкіндік алады. Шеберлік сабақтарына қатыса алады. Ал фестивальге кірудегі билет құны 10 мың теңгеден басталады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да дауылды ескерту жарияланды
06.11.2025, 20:38
Astana Media Week: ЖИ дәуірінде деректермен қалай жұмыс істеу қажет?
06.11.2025, 20:35
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы келер жылғы телехикаяларға арналған питчинг өткізді
06.11.2025, 20:32
Ақтаулық еріктілер тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды
06.11.2025, 20:29
Итбалықтар вирустық инфекциядан қырылған
06.11.2025, 20:26
Жамбылдық тұрғын күннің көзін кәсіпке айналдырып отыр
06.11.2025, 20:18
С5+1: Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді
06.11.2025, 20:17
ЖИ-мен жабдықталған ұлтарақтың ерекшелігі неде?
06.11.2025, 20:14