Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар қатары артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар қатары артып келеді

13.09.2023

Ливияда алапат су тасқынынан қаза тапқандардың саны ресми дерек бойынша 5 мың адамнан асты. Тағы 10 мыңдай тұрғын әлі табылмай жатыр. Апаттан әсіресе, елдің шығысындағы Дерна қаласы қатты зардап шекті. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, шаһардың төрттен бірі жоқ болып кеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, Ливияға Мысыр, АҚШ, Германия, Иран, Катар мен Түркия гуманитарлық көмек жеткізген. Құтқарушылар бригадаларын да жөнелтіп жатыр.

Ливияға Жерорта теңізінде көтерілген «Дэниель» дауылы соққы берді. Екі дамба құлап, талай елді мекенді су шайып кетті. Көз жұмғандардың арасында бір отбасының 30 мүшесі бар.

Мұстафа Сәлем, жергілікті тұрғын:

Бөгет жарылып, аумақты су басып кеткенін естідік. Ол кезде ел ұйқыда жатқан. Ешкім дайын емес еді. Ештеңе істей алмадық. Көршім бар еді. Отыз адам тұрды ол үйде. Бәрінен айрылып қалдық.


Хабарламаларға жазылу