Вьетнамда үй өртеніп, 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда үй өртеніп, 8 адам қаза тапты

13.09.2023

Вьетнам астанасы Ханойда тұрғын үй кешені өртеніп, 8 адам қаза тапты. Тағы он шақты адам жараланып, 70 тұрғын құтқарылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт 9-қабатты үйде басталған. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Ханой шахарында халық саны соңғы жиырма жылда төрт есеге өсіп, 5 миллион 200 мыңнан асқан. Билік өкілдерінің сөзінше, жаңадан бой көтерген ғимараттардың көбі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу